понедельник24 марта 2025
toshkent24.com

Үкімет Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының 2025-2027 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын мақұлдады.

Үкімет Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарын 2025-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын мақұлдады.
Үкімет Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының 2025-2027 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын мақұлдады.

Жоспарды іске асыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттерден, сондай-ақ жеке инвестициялар арқылы 3,7 трлн теңгеден астам қаржы бөлу көзделген.

Неліктен үкімет батыс өңірді назарда ұстап отыр?

Қазақстан батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте 7591 шақырым Ресеймен шекаралас. Ал республиканың Алтайдан Тянь-Шаньға дейінгі 1782 шақырымдық шығыс шекарасы Қытай Халық Республикасымен бөлінеді. Оңтүстігінде Түрікменстанмен – 426 шақырым, Өзбекстанмен – 2354 шақырым, Қырғызстанмен 1241 шақырым шектеседі.

Елдің алаң көңілі солтүстік облыстарға бағытталып тұрған еді.

Сарапшы Нұрсұлтан Ерболатұлы Үкіметтің 2025-2027 жылдарға арналған шұғыл даму жоспарының Батыс Қазақстан облыстарына бағытталуы бірнеше маңызды себептермен байланысты екенін айтады.

1. Бұл өңірлер Қазақстанның негізгі мұнай-газ өндіру орталықтары, яғни ел экономикасының маңызды қозғаушы күші. Алайда, мұнай-газ секторының басым болуы экономиканы тұрақсыз етеді, сондықтан өндірісті әртараптандыру, жаңа кәсіпорындар ашу және жергілікті бизнесті қолдау қажеттілігі туындайды.

 2. Аймақта инфрақұрылымдық мәселелер өзекті, көлік желілеріне жоғары жүктеме түсіп, жолдар мен теміржолдар тозып жатыр. Сонымен қатар, әлеуметтік нысандардың, оның ішінде мектептер мен ауруханалардың тапшылығы байқалады.

3. Батыс Қазақстан аймағы Орталық Азия, Еуропа және Ресей арасындағы маңызды транзиттік дәліз ретінде қызмет етеді, сондықтан көлік-логистикалық инфрақұрылымды жетілдіру басты міндеттердің бірі болып табылады.

4. Аймақтағы экологиялық проблемалар да үлкен алаңдаушылық тудырады, соның ішінде ілеспе газдың жағылуы, ауыз су тапшылығы, өндірістік қалдықтардың көптігі және Жайық өзенінің тартылуы бар. Сондықтан үкімет газ өңдеу зауыттарын салу, суды тұщыландыру жобаларын іске асыру және қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайту шараларын қабылдауда.

5. Бұл өңірлерде халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында тұрғын үй құрылысы, жаңа мектептер мен ауруханалар салу, шағын және орта бизнесті қолдау сияқты шаралар қарастырылған.

6. Инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейту үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, мұнай-газ саласына қажетті жабдықтар өндірісін жолға қою, жаңа кәсіпорындар ашу жоспарланып отыр. Осы шаралардың барлығы өңірдің ғана емес, жалпы елдің экономикалық тұрақтылығына оң әсерін тигізеді.

Шекара бойына ел қондыру Абылай заманынан келе жатқан арман

Келесі сарапшы Бейсенбек Зиябеков шекаралық аймақтарға көңіл бөлу геосаяси жағынан стратегиялық тұрғыдан тиімді шешім екенін атап өтті. Мұндай шешім шекаралық аймақтар бойынша кезең-кезеңімен қабылдануы тиіс. Бұл мәселе бұған дейін де талай рет көтерілген. Мысалы, Қорғас бекеті Қазақстанның шекаралас аймақтарына қорған бола алмайды. Шекаралық аймақтарды дамыту үшін белсенді азаматтардың әрекетінің де, мемлекеттік бағдарламаның да жеткіліксіздігі бұрыннан белгілі. Бұл мәселе заңмен реттелуі керек. Шекаралық аудандардың құқықтық мәртебесі туралы тұжырымдар қолданыстағы заңдарда, мемлекеттік бағдарламаларда жеке-жеке тармақ ретінде шашылып жатыр. Заң жобасы талқыланғанда олардың бәрі ескерілуі тиіс.

Түркістан облысының орталығының Шымкенттен Түркістанға көшірілуі облыстың шалғай аймақтары Жетісай мен Сарыағашты Өзбекстанмен шекарада жалаңаштап қойды

Осыдан бірнеше жыл бұрын қоғам қайраткері Мырзантай Қожабайұлы Жақып Түркістан облысын екіге бөлу, Сарыағаш немесе Жетісай қалаларына облыс орталығы мәртебесін беру қажеттігін мәлімдеген. Кейбір деректер бойынша халқының саны 500 мың адамнан асатын Мырзашөл өңіріндегі қазіргі Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінен Шымкентке дейінгі қашықтық – 250 шақырым. Ал Түркістан қаласы Шымкенттен 170 шақырым қашықтықта орналасқан. Жергілікті халықтың Мақтаарал және Жетісай аудандарынан Түркістан қаласына Шардара және Отырар аудандары мен Арыс қаласының аумақтары арқылы барып-келуіне мұндағы республикалық және жергілікті маңызы бар жолдар әлі толық дайын емес.

Мырзашөл өңірінде тұратын жергілікті тұрғындарды Сарыағаштан Түркістанға апаратын темір жол қатынасы, жолаушыларды тасымалдайтын пойыздардың жүру жағдайы жоқ.

— Мақтаарал ауданы – халқы 131 781 адам;

— Жетісай ауданы – халқы 172 903 адам;

— Шардара ауданы – халқы 78 621 адам;

— Сарыағаш ауданы – халқы 191 096 адам;

— Келес ауданы – халқы 136 000 адам.

«Сонда Мырзашөлдегі жаңа 15-ші облыс халқының саны – 710 401 адам болады» дейді М. Жақып.

Қазір Өзбекстанның АЭС құрылысы Жызақ облысындағы Тузкан көлінің маңында салынатыны хабарлануда. Жызақ Қазақстанның Жетісайымен шекаралас жатқан өңір.

Сондықтан мемлекеттік бағдарлама аясында Өзбекстанмен шекаралас 2354 шақырымдық аймақтарға да назар аударудың уақыты келді.